Стэнли Кубогының жартылай финалдық жұптары белгілі болды

Стэнли Кубогының жартылай финалдық жұптары белгілі болды
Хоккей

Ұлттық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

ҰХЛ Конференциялары финалына “Вегас Голден Найтс”, “Даллас Старз”, “Каролина Харрикейнз”, “Флорида Пантерз” командалары өтті.

Батыс Конференциясы финалында “Вегас” пен “Даллас Старз” өзара мықтыны анықтаса, Шығыс конференциясында шешуші кезеңге жолдама алу үшін “Каролина Харрикейнз” бен “Форрида Пантерз” командалары сынға түседі. 

Стэнли Кубогының жартылай финалы Қазақстан уақытымен 19 мамыр күні таңда басталады.