“Қайраттан” кеткен Әліқұлов мәлімдеме жасады

“Қайраттан” кеткен Әліқұлов мәлімдеме жасады
Футбол

“Қайраттан” кеткен қырғыз футболшысы Гүлжігіт Әліқұлов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

”Бәрі үшін рақмет, қымбатты “Қайрат”! Өмірімнің осы екі жарым жылын ешқашан ұмытпаймын. Жанкүйерлеріміз бен командалас әріптестеріме ерекше алғыс айтамын!”, - деп жазды футболшы Instagram парақшасында. 

Еске салайық, Гүлжігіт Әліқұлов 2020 жылдың басында “Қайрат” құрамына қосылған. Ол осы уақыт аралығында 99 матчқа қатысып, 13 гол мен 9 нәтижелі пастың авторы атанды. Алматылық клуб сапында ол ел чемпионы атанып, Қазақстан Кубогының иегері болды.