Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады
Хоккей

Бүгін, 12 мамыр күні шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Латвия мен Финляндия елдерінде өтетін бәсекеде әлемнің үздік 16 құрамасы екі А және В топтарына бөлініп, бақ сынайды.

”А” тобының ойындары Финляндияның Тампере қаласында өтсе, “В” тобы командалары Латвияның Рига қаласында өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы биыл “В” тобында өнер көрсетіп, Чехия, Швейцария, Канада, Словения, Словакия, Латвия және Норвегия құрамаларымен сынға түседі.

Ал “А” тобында Финляндия, Швеция, Германия, Бельгия, Венгрия, АҚШ, Франция, Австрия және Дания құрамалары өнер көрсетеді. 

Биыл Қсзақстан ұлттық құрамасы 2006 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында легионерлерсіз сынға түседі. Сол жылдан бері командада бір ғана ойыншы өзгеріссіз қалған, ол - Роман Старченко. Биыл құрама командамыздың басым бөлігі жастар. Олардың кейбірі Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы толық маусымдарын өткізсе, енді бірі Қазақстан чемпионатында ғана ойнаған. 

Ғалым Мамбетәлиев командасы әлем біріншілігіндегі алғашқы ойынын 13 мамыр күні Норвегия құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:20-да басталады.