Чемпиондар лигасының финалы Португалияда өтуі мүмкін

Чемпиондар лигасының финалы Португалияда өтуі мүмкін
Футбол

2023 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Стамбулдан өзге қалаға ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Финалдық матч Португалияның Порту не Лиссабон қалаларының бірінде өтуі мүмкін. Оның Стамбулдан басқа қалаға ауыстырылуына Түркиядағы президент сайлауы себеп. 

Соңғы әлеуметтік сауалнамалар елдің қазіргі президегті Реджеп Тайип Ердоғанның басты қарсыласы Кемаль Кялычдароглудан 5%-ға қалып келе жатқанын көрсеткен. Футбол әлемі шенеуніктері ел билігі ауысса, түрлі қоғамдық тәртіпсіздіктер орын алуы мүмкін дее оәлап отыр. 

Түркиядағы сайлау 14 мамырға белгіленген, ал екінші кезеңі (үміткерлер 50%-дан аз дауыс жинаса) 28 мамыр өтеді. Ал Чемпиондар лигасының финалы 10 маусым күні болады.