Billie Jean King Cup: Қазақстаннан жеңілген Польша құрамасы финалда өнер көрсететін болды

Billie Jean King Cup: Қазақстаннан жеңілген Польша құрамасы финалда өнер көрсететін болды
Теннис

Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңі Испанияның Севилья қаласында өтетін болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Польша құрамасы 7-12 қараша күндері өтетін командалық әлем чемпионатына қатысуға уайлд-кард алып, турнирде бақ сынайтын болды.

Еске салайық, 14-15 сәуір күндері Астанада өткен Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу туырнда Польша құрамасы Қазақстаннан 3:1 есебімен жеңілген еді.