Билли Джин Кинг Кубогының финалы өтетін ел белгілі болды

Билли Джин Кинг Кубогының финалы өтетін ел белгілі болды
Теннис

Теннистен 2023 жылғы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты өтетін ел белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Биылғы командалық әлем біріншілігі 7-12 қараша күндері Испанияның Севилья қаласында өтеді.

Сәуір айында әлемнің түкпір-түкпірінде Билли Джин Кинг Ккьогы финалдық кезеңіне іріктеу сайыстары өтіп, Аустралия, Германия, Канада, Қазақстан, Чехия, Италия, Испания, Словения, Франция, Швейцария және АҚШ құрамалары шешуші сынға жолдама алған.

Финалда құрамалар төрт топқа бөлініп, үздік шыққандары жартылай финалда кездеседі. Турнирдің жеребе тарту рәсімі 24 мамыр күні өтеді.