Қазақстан жасөспірімдері Davis Cup іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

Қазақстан жасөспірімдері Davis Cup іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты
Теннис

Шымкентте жасөспірімдер арасындағы Davis Cup турнирінің Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері құрамаларының іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Іріктеу турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайлық Тайбэймен кездесіп, 2:0 есебімен ұтты және ширек финалға жолдама алды. 

Кеше Сергей Квак бастаған ұлттық құрама Жаңа Зеландия командасын 3:0 есебімен жеңген. 

Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктек кезеңінде ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қорғап жатқанын айта кетейік.