Хоккей: Ұлыбритания мен Польша топ-дивизионға жолдама алды

Хоккей: Ұлыбритания мен Польша топ-дивизионға жолдама алды
Хоккей

Шайбалы хоккейден ІА дивизиондағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, 2024 жылы топ-дивизионда өнер көрсететін екі команда белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Әлем біріншілігінің соңғы матчында Румынияны 6:2 есебімен сенімді жеңген Польша ққрамасы 2002 жылдан бері алғаш рет элиталық дивизионға жолдама алды.

Сонымен қатар, Ұлыбритания командасы Италияны 5:3 есебімен жеңіп, топ-дивизионға қайта оралды.

Ал 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампере (Финляндия) өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында өз топтарында соңғы орын алған екі команда ІА дивизионға түседі.