Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын сәтті бастады
Дзюдо
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz.
66 келі салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан қазақстандық Перу өкілі Хуан Постигосты иппонмен жеңіп, келесі раундқа шықты. Екінші раундта Ғұсман израильдік Барух Шамиловпен күреседі. Айта кету керек, әлем чемпионаты Дохада (Катар) өтіп жатыр.
Бұл әлем біріншілігі – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары алдындағы соңғы әлем чемпионаты. Осы жарыстардың нәтижелері бойынша әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, әлем чемпионы 2000 ұпай, күміс жүлдегер 1400 ұпай, ал қола жүлдегер 1000 ұпай алады.