Қазақстан құрамасының экс шабуылшысы жанкүйерлермен қоштасты
Хоккей
“Барыс” пен Қазақстан ұлттық құрамасының экс шабуылшысы Егор Петухов қазақстандық жанкүйерлермен қоштасты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Барыс” басшылығына, бапкерлер штабына, клуб қызметкерлеріне және, әрине, жанкүйерлеріне зор алғысымды білдіремін. Қазақстанда өмірімнің үштен бір бөлігін өткізіп, клуб жүйесінде сегіз жыл жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында Қазақстан менің үйіме айналып үлгерді. Жақсы да, нашар да нәтижелер болды, бірақ жанкүйерлер әрдайым бізді қолдаусыз қалдырмай, командаға сенім артты. Барлығы үшін рақмет, бірақ алға қарай жылжитын уақыт келді. Әлі талай көрісеміз”, - деп жазды хоккейші өзінің Instagram парақшасында.
Еске салайық, Егор Петухов келер маусымнан бастап мансабын мәскеулік “Динамо” сапында жалғастырады.