“Барыстың” екінші снайпері клубтан кетті

 “Барыстың” екінші снайпері клубтан кетті
Хоккей

Астаналық “Барыс” бір шабуылшысымен қош айтысты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Шабуылшы Егор Петкхов келер маусымнан бастап мансабын басқа клубта жалғастырады. 

Өткен маусымда форвард тұрақты маусымның 68 матчына қатысып, 24 (17+7) ұпай еншілеген. Ол көшбасшылар тізімінде тек Линден Вейге жол беріп, команданың екінші снайпері атанды. Сондай-ақ, бұл Петуховтың мансабындағы ең үздік маусымы болды. 

Жалпы, Егор Пеьухов Құрлықтық хоккей лигасында 263 матч өткізген және қоржынында 51 (33+18) ұпай бар.