Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
Футбол

Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚФФ мәліметінше, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда біздің қыздар Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі.

Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.