Михаил Шайдоров Қытайдағы гран-приге қатысады

Михаил Шайдоров Қытайдағы гран-приге қатысады
Басқа

Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Гран-при 22 қарашада басталады. Ерлер арасындағы жарыста осы күні қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтеді.

Еркін бағдарлама 23 қарашада ұйымдастырылады. Ерлер арасында медаль үшін 12 спортшы бақ сынайды.

Айта кетейік, Шайдоров бұған дейін Францияда өткен Гран-при кезеңінде төртінші нәтиже көрсеткен еді.