Даррен Диц финалдың үздік қорғаушысы атанды

Даррен Диц финалдың үздік қорғаушысы атанды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы үздік ойыншыларын анықтайтын комиссия Гагарин Кубогы финалы лауреаттарын айқындады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Финалдың 7 матчында 2 (1+1) ұпай жинаған Даррен Диц мансабында алғаш рет үздік қорғаушы деп танылды. Ол 7 соққыға тосқауыл болып, қарсылас қақпасына 19 соққы жасаған. 

Сонымен қатар, тағы үш ойыншы мансаптарында бірінші рет финалдың үздік ойыншысы атағын алды. Олар: "Ақ Барс" қақпашысы Тимур Билялов, ЦСКА шабуылшысы Владислав Каменев және мәскеулік клуб ойыншысы Прохор Полтапов ең үздік жаңа ойыншы атағын иеленді.