Катар шейхі "Манчестер Юнайтедті" сатып алуға дайын

Катар шейхі
Футбол

"Манчестер Юнайтедті" сатып алуға өтініш берудің үшінші раунды аясында катарлық шейх Хамад бен Джасим бен Джабер әл Тани клубты 5 миллиард фунт стерлинг немесе 6,3 миллиард долларға сатып алуға дайын екенін мәлімдеді BasSport.kz.

Bloomberg хабарлағандай, МЮ-ді сатып алғысы келетіндер қатарында британдық миллиардер, Ineos трансұлттық химиялық компаниясының иесі Джим Ратклифф те бар. Оның қанша сома ұсынғаны белгісіз.

Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың қарашасында “Манчестер Юнайтедке” 2005 жылдан бері иелік ететін Глейзер отбасы команданы сатуды қарастырып жатқаны белгілі болды.