Даррен Диц Гагарин кубогын иеленді
Хоккей
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА Қазанның «Ак барс» клубын жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының Гагарин кубогын иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бір қызығы, Қазан командасының сапында тағы бір Кирилл Панюков ойнайды.
Екінші кезеңнің ортасына қарай ЦСКА қазандық жігіттерден 1:2 есебімен ұтылып жатқан, алайда алдымен Владислав Каменев таразы басын теңестірсе, көп ұзамай Даррен командасын алға шығарды. Нәтижесінде қазақстандық соққан гол ҚХЛ плей-офф финалының жетінші ойынында шешуші рөл атқарды.
Айта кетейік, бұл – ЦСКА үшін лигадағы қатарынан екінші жеңіс. Өткен жылы Мәскеу ұжымы Магнитогорсктің «Металлургін» жеңді.