Қазақ жастары қандай жағдайда элиталық дивизионға шығады

Хоккей
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ІА дивизионындағы әлем чемпионатында үшінші деңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Турнир барысында тек Даниядан жеңіліс тапқан ұлттық құрама 9 ұпаймен жарыс кестесінде көш бастап тұр. Бұл даниялық хоккейшілердің Францияны овертаймда (3:2) жеңіп, бір ұпай жоғалтуының арқасында мүмкін болды.
Енді 29 сәуір күні Қазақстан ұлттық құрамасы Анжеде (Франция) өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі соңғы ойынын айдын иелері - Франция команбасына қарсы өткізеді. Егер Сергей Старыгин шәкірттері Францияны негізгі уақытта жеңсе, элиталық дивизионға жолдама алады.