“Барыс” “Авангардтан” жеңілді

“Барыс” “Авангардтан” жеңілді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” сырт айдындағы екінші ойынын Омбыда “Авангардқа” қарсы өткізіп, жеңіліс тапты, деп жазады BasSport.kz.

Айдын иелері бірінші кезеңде екі, екінші жиырма минуттықта тағы бір шайба соқты. “Барыс” Моррели соққан шайбамен есеп айырмасын қысқартқанымен, омбылықтар оған тағы бір нәтижелі шабуылмен жауап берді. Үшінші кезеңде астаналық команда сапынан Мэйсон Морелли дубль авторы атанып, Кирилл Савицкий есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартқан. Бірақ, бас бапкер ретінде Лигадағы 400-матчын өткізген Михаил Кравецтің шәкірттері таразы басын теңестіре алмады. Екінші жеңіліс. 

Авангард (Омбы) - Барыс (Астана) - 4:3 (2:0, 2:1, 0:2)

1:0 - Окулов (Чеккони, Рашевский) - 14:31

2:0 - Окулов (Игумнов, Чеккони) - 19:54

3:0 - Рашевский (Шарипзянов, Потуральски) - 27:16

3:1 - Морелли (Веккьоне, Симонов) - 27:37

4:1 - Шарипзянов (Окулов, Потуральски) - 32:11 СБШ

4:2 - Морелли (Масси, Уолш) - 54:46

4:3 - Савицкий (Логвин) - 55:21

Қақпашылар: Серебряков - Шил (Шутов, 32:11 - 60:00)