Дзюдодан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста екінші орын алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста екінші орын алды
Жекпе-жек

Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстанның дзюдошылар құрамасы халықаралық додада зор табысқа жетіп, жалпы есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Екі күн бойы өткен тартысты белдесулер нәтижесінде отандастарымыз қоржынға 15 медаль салды: 2 алтын, 7 күміс және 6 қола.

Дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ернат Кеңесбек (-55 кг) пен Сара Ғабитова (-70 кг) қарсылас шақ келтірмей, турнирдің алтынын еншіледі.

Күміс жүлдені Бекзат Болатбек (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Аружан Сәрсенова (-57 кг), Айша Алтай (-70 кг) және Наргиз Ғабдулманап (+70 кг) иеленді.

Ал үздік үштікті Бақдәулет Серікқали (-50 кг), Рауан Ғазизов (-55 кг), Ұлан Аманкелді (-73 кг), Кәусар Жандарбай (-40 кг), Інжу Сахабадин (-44 кг) және Рамиля Серікболат (-52 кг) қорытындылап, қола жүлдеге қол жеткізді.