Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойынды қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойынды қазақстандық қай телеарна көрсетеді
ӘЧ-2026

Give Me Sport

Испания мен Аргентина арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Шешуші ойын 20 шілдеге қараған түні (жексенбіден дүйсенбіге өтер шақта) сағат 00:00-де басталады. Бұған дейін әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, ғаламат камбэк жасаған болатын. Ал Испания жартылай финалда Франциядан 2:0 есебімен басым түсіп, 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Әлем чемпионатының басты кубогынан үміті үзілген Англия мен Франция құрамалары үшінші орынға таласады.

Айтпақшы, FIFA футбол тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалында Super Bowl үлгісіндегі арнайы тайм-шоу (Halftime Show) ұйымдастырады. 19 шілдеде өтетін аладоп бәсекесінің үзілісінде колумбиялық поп-дива Шакира басты жұлдыздардың бірі ретінде сахнаға шығады. Музыкалық шоудың бағдарламасын «Coldplay» тобының солисі Крис Мартин үйлестіреді. Шакирамен бірге дүбірлі доданың жабылу салтанатында Мадонна, Джастин Бибер және K-pop феномені саналатын BTS тобы хит әндерін шырқайды.