22 жастағы Бибісара Асаубаева әлемнің ең үздік шахматшысы марапатына үміткер атанды
Басқа
Kazinform/Виктор Федюнин
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) белгілеген алғашқы FIDE Excellence Awards сыйлығына үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
22 жастағы спортшы «Үздік шахматшы» санатына ұсынылды. Асаубаевамен қатар, марапатқа үміткерлер қатарында әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе, Анна Музычук, Дивья Дешмух, Вайшали Рамешбабу және Чжу Цзиньэр бар.
Жеңімпаздарды арнайы сарапшылар комитеті анықтайды. FIDE Excellence Awards сыйлығының алғашқы салтанаты 2026 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өтеді.
Үміткерлердің толық тізімін FIDE ресми сайтынан көруге болады.