Жәнібек Әлімханұлы дайындығының қалай жүріп жатқанын көрсетті

Жәнібек Әлімханұлы дайындығының қалай жүріп жатқанын көрсетті
Бокс

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) атағын қорғауға тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

13 мамырда «Стоктон-Аренада» (Калифорния, АҚШ) жерлесіміз канадалық боксшы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Әлімханұлы айқас алдында жаттығуынан видео салды. 

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын осымен екінші рет қорғағалы жатыр, бұған дейін ол былтыр қарашада белбеуін сақтап қалған.