Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатына қатысады

Қазақстанның жеңіл атлетика командасы Өзбектан астанасы Ташкентте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Бұл туралы ҚР ҰОК-ке сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды. Чемпионат 27-30 сәуір аралығында өтеді.

Командамыздың атынан 58 спортшы өнер көрсетеді. Олар 36 спорт түрінен сынға түседі.

Ал аламанға Азиядан 40 елдің өкілдері қатысады.