Мирболат Әбуов: Бір топ кейіпкерлер федерация қызметін қаралады
Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуовтің сұхбаты жарияланды. Аталған сұхбат барысында ол федерацияның қызметі мен нәтижелері туралы баяндап, былтыр федерациямен белгілі бір адамдар тобы арасында болған кикілжің туралы да айтқан еді. Bassport.kz осы оқиғаға байланысты кеңірек жауап алу үшін федерация президентімен сұхбаттасты.
- Мирболат Ғайсаұлы, сұхбат барысында кикілжіңге қатысы бар адамдардың аттары аталған жоқ. Осы туралы кеңірек білсек деп едік...
- Біздің федерацияның өткеніне қатысты бар адамдар тобы соңғы екі жылдағы қызметімізге кір келтірмек болғанын әріптестеріңізге бұдан бұрын да айттым. Р.Р. Кичиков басқаратын бұл топ Федерацияның жұмысы барлық саты бойынша бұзылғаны туралы шағым түсірген. Біз қызығушылық танытқан ведомстволарға қажетті ақпаратты толығымен бердік. Олар ешқандай құқық бұзушылық таба алмады. Содан соң Р. Р. Кичиковтің Федерация қызметкерлерінің ысырапшылдығы туралы айтқан жалған шағымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аз уақыттың ішінде қылмыс құрамы болмағандықтан бұл іс жабылды. Үздіксіз жала жабудан шаршамайтын Р. Р. Кичиков біздің федерацияны ғана емес, бүкіл елімізді сенімсіз көрсету мақсатында Халықаралық Семсерлесу федерациясы мен семсерлесу жабдықтарын өндірушілерге ақылға қонбайтын шағымдарын жаудырған. Осы орайда ол өзін 2022 жылдың 10 мамырында құрылған Федерация Конференциясы ұйымының президенті ретінде таныстырған. Біз аталған конференция мен оның шешімдерінің заңсыз екенін айтп, сотқа шағым түсірдік және шағымымыз толығымен қанағаттандырылды. Сот іле-шала шағым түсірген Р. Р. Кичиковтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы сот шешімін өз күшінде қалдырды. Психопатологиялық триллердегі көмескі саналы кейіпкерлердің былығына одан әрі уақыт жоғалтпау үшін біз әрі қарайғы жауапты қимылдарды шектеп, Федерацияны тазаладық. Федерацияны сенімсіз көрсеткені үшін Р. Р. Кичиков, В.Г. Лебедев, Эльд.Алимжанов, Э. Асыкбаева, Л. У Димов, В.П. Алифренко 2023 жылдың 7 қаңтарынан бастар «Ұлттық Семсерлесу Федерациясы» аймақтық қоғамдық ұйымынан шығарылды. Осы орайда, еліміздегі семсерлесу спорты өкілдерінің басын қосатын біздің Федерациямыз шынайы сын мен өткір ұсыныстарға үнемі құлақ асатынын айтқым келеді. Бірақ біз өздерінің құйтырқы мақсаттарын жүзеге асырмақ болған жекелеген кейіпкерлердің кедергі келтіруне рұқсат бермейміз.