Шпага, сабля және рапира

Шпага, сабля және рапира

Алматыда семсерлесуден Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аяқталды. Аталған спорт түрінің еліміздегі даму бағытын біл мақсатында біз «Ұлттық семсерлесу федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Мирболат Әбуовпен сұхбаттасқан болатынбыз, деп хабарлайды kazpravda.kz сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz.

- Мирболат Ғайсаұлы, жақында Қазақстан Спартакиадасы аясында семсерлесушілер турнирі аяқталды. Бұл бәсеке несімен есте қалды? 

- Бұл турнир қызықты өтті. Мысалы, шпагадан ерлер арасындағы бәсекеде жастар құрамасының мүшелері Александр Федотов пен Александр Савин тиісінше екінші және үшінші орын иеленді. Олар семсерлесуден әлемдік элитаға енетін беделді спортшыларымыздан да озып кетті. Шыны керек, бұл күтпеген тосынсый еді. Сондай-ақ жақында ана атанған тәжірибелі шпагашы Ульяна Писцова (Балаганская) да қатарға оралды. Ол жекелей сында да, команда құрамында да Спартакиада жеңімпазы атанды. Жалпы алғанда, Спартакиада біздің спорттың аймақтардағы даму қарқынын көрсетеді. Мысалы, биыл жарысқа Алматы мен еліміздің 11 қаласынан және облыстарынан нояндар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша тоғыз алтын, бір күміс, бес қола медаль иеленген Алматы қаласы бірінші орын иеленсе, Шымкент спортшылары екі алтын, бір күміс және төрт қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Ал жаңадан құрылған Абай облысының спортшылары бір алтын, төрт күміс және екі қола медальмен үздік үштікке енген. Бір қызығы, барлық алтынды осы үш аймақтың спортшылары сарапқа салып отыр. 

- Ал аймақтардағы семсерлесу спортын дамыту үшін федерация қандай қадам жасап жатыр?

Семсерлесуді дамытып, аталған спорт түрінің танымалдығын арттыру федерацияның негізгі міндеттерінің бірі. Халық арасында бұқаралық спорттың дамуы маңызды, сол кезде біздің спорт түрі де бар. Былтыр бізде аз жұмыс істелген жоқ. Шымкенттегі семсерлесу залын жөндеуден өткізсек, Семейдегі семсерлесу залын жөндеуден өткізу үшін толық қаражат бөлдік. Одан бөлек, Астана, Өскемен, Қарағанды және Шымкенттегі залдарға 11 семсерлесу жолағын жеткіздік. Тараздағы семсерлесу бөліміне арнайы құрылғылар мен экипировка жөнелттік. Бұл аймақта семсерлесу бөлімі алғаш рет ашылып отыр. Өскеменде қала әкімі мен Шығыс Қазақстан облыстыө спорт басқармасы басшысының қолдауымен мамандандырылған семсерлесу залын ашпақшымыз. Алматыда орналасқан Қаркен Ахметов атындағы спорт интернатын жаңа құрылғылар және семсерлесу жолақтарымен қамтамасыз еттік. 

 - Қазіргі таңда Семсерлесу федерациясы қалай жұмыс істеп жатыр және спорттың бұл түрінің еліміздегі даму қарқыны қандай? 

- Федерация бұрынғы әдетіне сай бірқатар спортшылар мен бапкерлерді материалдық тұрғыдан қолдайды. Қажет кезінде оларды құрылғылармен қамтамасыз етіп, спорттық тағамдарын алып береміз. Сондай-ақ біз халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды ынталандыру жүйесі бар. Яғни, мемлекет тарапынан жүлделер қарастылырмаса, ынталандырып отырамыз. Әрине, ең үлкен ықыласымызды жас спортшыларды қолдауға жұмсаймыз. Олардың демалысын жақсартып, қалпына келу кезеңін ретке келтіру үшін біздің тарапымыздан республикалық спорт колледжіне ауқымды көмек көрсетілді. 2023 жылы қаңтардың аяғы мен ақпанның басында біздің федерация Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында саблядан әйелдер арасындағы халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Аталған жиынға Испания, Грекия, Түркия, Украина, Грузия мен Әзірбайжанның үздік спортшылары келіп, біздің болашағынан үміт күттіретін жастарымызға тәжірибелерін бөлісті. Халықаралық жарыстарға қатысатын қазақстандық спортшылардың қатарын арттырып, семсерлесудің еліміздегі танымалдығын көтеру үшін өз жерімізде маңызды халықаралық турнирлерді өткізу де өте маңызды. Араға ұзақ үзіліс салып, 2022 жылдың қарашасында біз Алматыда саблядан жасөспірім қыздар арасындағы әлем кубогін ұйымдастырдық. Дәл осы қалада қазан айында 23 жасқа дейінгі спортшыдар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Одан бөлек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасы қарсаңында өткізілетін Азия аймақтық лицензиядық турнирді Қазақстанда өткізу құқығын алу үшін Азия семсерлесу конфедерациясымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Халықаралық спорттық шараларды ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде араласу арқылы әлемдік семсерлесу спортымен ықпалдастығымыз арта түседі. Сондықтан біз қазан айының басында Азия семсерлесу конфедерациясының Бас Ассамблеясын Алматыда өткіземіз. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Халықаралық семсерлесу федерациясымен (FIE) бірлесе жұмыс істеу де маңызды. 

- Осы орайда, спортшыларымыздың халықаралық аренадағы маңызды жетістіктеріне тоқталсаңыз...

- Спорттық семсерлесуде қарудың үш түрінен – шпага, сабля және рапирамен семсерлесуден өзара мықтыны анықтайды. Қазақстанда ерлер арасындағы шпага бәсекесі дәстүрлі түрде мықты саналады. Биыл ақпанда Германияның Хайденхайм қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде Руслан Курбанов қола медаль жеңіп алды. Ал наурыз айында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен шпагамен семсерлесуден әлем кубогінде Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертайдан құралған Қазақстан командасы венгриялық маман Ференц Тоттың жетекшілігімен төртінші орын алды. Бұл сында біздің спортшыларымыз Италия, Франция, Корея мен Жапония сынды семсерлесудегі мықты мемлекеттердің алдын орағанын айта кетуіміз керек. Жастарымыз да қалысар емес. Мәселен, 2022 жылдың қазанында Кувейтте өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында шпагаы қыздарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Софья Николайчук жекелей сында алтын алса, командалық сында , Владислава Андреева, Александра Тамбовцева және Виктория Кайдаровалармен бірге екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Богдан Лукин, Георгий Тинников, Никита Жулинский, Кирилл Павловтан құралған жігіттеріміз командалық сында екінші орын алды. Осы біріншілікте қыз-жігіттеріміз бес қола алғанын да естен шығармау керек. 2022 жылдың желтоқсанында Ташкентте өткен шпагадан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде Богдан Лукин чемпион атанды. Наурыз айында Өзбекстан астанасында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде Богдана Лукин, Александр Федотов, Ғабиден Мұстафин мен Георгий Тинников алтын медаль иеленді. Кейін Александр Федотов жекелей сында күміс жүлдеге қол жеткізді. Қару түрлерінен даму қарқынын үдету мақсатында біз 2019 жылы саблядан мықты маман саналатын украиналық Олександр Торчукты шақырдық. Қазақстандық бапкерлермен бірлесе отырып, Торчук саблямен семсерлесудің жаңа тынысын ашқандай болды. Артем Саркисян 2022 жылдың маусымында Сеулде өткен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Соңғы рет аталған қару түрінен құрлық додасының медалін қазақстандықтар осыдан 17 жыл бұрын иеленген екен. 2023 жылдың наурызында Артем тарихи жетістікке қол жеткізіп, саблядан Испанияда өткен әлем кубогі кезеңінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Бұл саблямен семсерлесуден тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең елеулі нәтиже. Өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрамадағы штат санын көбейтіп, біз командаға рапирамен семсерлесуден спортшылар мен бапкерлерді қостық. Қазір олардың деңгейі мен шеберлігін арттыру үшін жұмыс істеудеміз. 

- Семсерлесуді дамытудағы мемлекеттің ықпалын қалай бағалайсыз? 

 Біздің мемлекетіміз жалпы спорттың, оның ішінде семсерлесудің дамуына үлкен көңіл бөліп отыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық спорт түрлеріндегі отандық атлеттердің жетістігін үнемі атап өтеді. Біз Мәдениет және спорт министрлігі мен Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің, Спортты дамыту дирекциясының, мемлекеттік қаржылық құрылымдардың көмегінсіз семсерлесуде осыншама жетістікке жетпес едік. Біздің спортшылар мен федерация аталған ұйымдардың бірлескен еңбегіне үлкен алғысын білдіреді.

 - Соңғы жылдары БАҚ беттерінде федерация мен Сіздің жұмысыңызға көңілі толмайтын адамдар тобы арасында біраз кикілжің болды. Бірнеше айдан бері бұл мәселе тынышталып қалды. Мәселе оңынан шешілді ме?

- Расында, соңғы екі жылға жуық уақыт ішінде біздің федерацияның бұрынғы өміріне қатысы бар адамдар қызметімізге кір келтірді. Олар біздің жұмысымызды жоққа шығарып, жала жабу мақсатында арыздар түсірген. Біз қызығушылық танытқан ведомстволарға қажетті ақпаратты толығымен бердік. Олар ешқандай құқық бұзушылық таба алмады. Кейін бізге қарсы қылмыстық іс қозғалып, қылмыс құрамы болмағандықтан, қысқа мерзім ішінде қайта жабылды. Иә, тексерулер аз болған жоқ. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі тексерістер де бар. Осы орайда аталған топ мүшелері өз федерацияларын да құрып алған. Бірақ біз сотқа шағым беріп, бұл ұйымның құрылымы мен шешімдерін заңсыз деп тануды сұрадық. Сот толығымен біздің шағымды қанағаттандырды. Осы орайда, еліміздегі семсерлесу спорты өкілдерінің басын қосатын біздің Федерациямыз шынайы сын мен өткір ұсыныстарға үнемі құлақ асатынын айтқым келеді. Бірақ біз өздерінің құйтырқы мақсаттарын жүзеге асырмақ болған жекелеген кейіпкерлердің кедергі келтіруне рұқсат бермейміз.