Артур Гросс: "Бізде бір ғана мақсат - элиталық дивизионға шығу"

Артур Гросс:
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрама Францияның Анже  қаласында өітп жатқан ІА дивизионындағы әлем чемпионатында екі жеңіске қол жеткізді. Сергей Старыгин шәкірттері Венгрияны 3:0, Жапонияны 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Енді командамыз элиталық дивизионға шығу үшін ең маңызды ойындарын өткізіп, бүгін Дания құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама шабуылшысы Артур Гросс осы чемпионатта екі шайба соғып үлгерді және ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында әлем біріншілігінен алып жатқан әсерімен бөлісті. 

- Менің алғашқы әлем чемпионатым, негізгі құрамға өте алғаным үшін қуаныштымын. Бұл бапкерлердің маған деген сенімін көрсетеді және менің мансабымдағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Әлем біріншілігінде ел намысын қорғау - үлкен мәртебе және жауапкершілік. 

- Екі жолдастық кездесуде ірі есеппен жеңіске жеттіңдер, қандай қорытынды жасадыңдар?

- Франция және Жапониямен болған ойындар негізгі чемпионатқа дайындық болды және одан кез келген команданы жеңе алатынымызды түсіндік.

- Венгриямен матчтағы гол туралы айтып берші. Қарсылас аймағында жалғыз өзің қалдың ғой...

- Бұл - менің ұлттық құрама сапында соққан алғашқы голым. Өзім үшін ең маңызды шайбалардың бірі. Өзіме деген сенімділігім арта түсті. Әріптесім ауысымға кетті, жалғыз өзім көк сызықтың бойында қалдым, соны дәл ууаытында көрген командаластарыма рақмет.

- Жапониямен йоынның алдында қарсыласты менсінбеу сияқты әрекеттер болған жоқ па, қанша дегенмен жолдастық кездесуде 7.1 есебімен жеңдіңдер ғой.

- Жолдастық йоынның ресми матчтан айырмашылығы бар екенін білдік. Сондықтан команда боылп өзімізді тек жеңіске ежутге дайындадық. Ал Жапония - жақсы қарсылас, ашық әрі жылдам хоккей ойнайды. 

- Бір матч қарсы өткізген және турнир соңында кездесетін Франция құрамаыс туралы не айтасың?

- Олар сәтсіз ойындарынан кейін қорытынды шығарады деп ойлаймын. Ал біздің құрама алдағы ойындарда жеңіске жету үшін барын салады, өйткені бізде бір ғана мақсат - элиталық дивизионға шығу.