Министр Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілер туралы пікір білдірді
Хоккей
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының алдында Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Қазір мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз. Өтініш келіп түсті. Қазір министрліктің арнайы комитеті мен Қазақстан хоккей федерациясы осы жұмыспен айналысуда. Міндетті түрде ресми жауап береміз. Әрине, бұл жағдай бәрімізге де ұнамайды. Тек хоккей үшін емес, барлық спорт түрлері үшін алаңдатушылық танытамыз. Ұлттық құрама үшін тіптен. Бірақ, ең алдымен отандық спортшылардың ұлттық құрамамыз сапында өнер көрсетуіне баса мән береміз", - деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.
Дереккөз: Тengrinews.kz