Павел Акользин әлем чемпионатында Қазақстанға көмектесе алмайды

Павел Акользин әлем чемпионатында Қазақстанға көмектесе алмайды
Хоккей

Магнитогорскілік “Металлург” шабуылшысы Павел Акользин элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Форвард отбасылық жағдайына байланыста құрама команда қатарына қосыла алмайды. 

Биылғы маусымда 32 жастағы шабуылшы ҚХЛ тұрақты маусымының 58 ойынына қатысып, 16 (12+4) ұпай еншіледі. Ал плей-оффтың 11 матчында 4 шайба соқты.

Сондай-ақ, маусым барысында “Металлург” шабуылшымен келісімшартты екі жылға ұзартқан болатын.