ҚХЛ: Финалда ұлттық құраманың екі ойыншысы кездеседі

ҚХЛ: Финалда ұлттық құраманың екі ойыншысы кездеседі
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі финалының екінші қатысушысы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Мәскеулік ЦСКА Гагарин Кубогы жартылай финалының алтыншы матчында СКА-ны 3.0 есебімен жеңіп, қатарынан төртінші рет шешуші сында өнер көрсетуге жолдама алды. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц  нәтижелі соққысымен көзге түсті. 

17 сәуір күні басталатын финалда қазандық "Ақ Барс" пен мәскеулік ЦСКА кім мықтыны анықтайды. Татарстан астанасы клубы сапында ұлттық құрама шабуылшысы Кирилл Панюков өнер көрсетеді. 

Осылайша, финалда Қазақстан құрама командасының қос ойыншысы бір-біріне қарсы ойнайды.