Жәмилә Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы атанды

Күрес
Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ қызы Жәмилә Бақбергенова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз 72 келіге дейін салмақта финалында жапониялық Сумире Никураны жеңді.
Бұған дейін ирек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амардың осал тұсын тапқан.
Сөйтіп, қазақ қыздарынан алғаш болып, үш дүркін Азия чемпионы атанды.