"Арланның" екі хоккейшісі ұлттық құрамаға шақырту алды
Хоккей
10 сәуір күні элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты бастаған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына көкшетаулық "Арланның" екі хоккейшісі шақырту алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Қорғаушы Кирилл Полохов пен шабуылшы Дмитрий Гренц ұлттық құрамамен бірге Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтетін әлем чемпионатына дайындалады.
Кирилл Полохов иылғы маусымда қысқы Универсиадада ел намысын қорғап, қола жүлде еншілеген. Ал Дмитрий Гренц маусмының басым бөлігін мәскеулік "Звезда" сапында өткізіп, 42 матчта 21 (9+12) ұпай алған. Содан соң ол "Арлан" намысын толықтырып, 9 матчта 6 (3+3) ұпайды өз есебіне жазды.