ҚХЛ финалдық кезеңінің матчтар кестесі жарияланды

ҚХЛ финалдық кезеңінің матчтар кестесі жарияланды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі финалының алғашқы қатысушысы белгілі болды. Қазандық "Ақ Барс" төртінші рет Гагарин Кубогы финалына шығып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Гагарин Кубогының шешуші сериясы 17 сәуір күні басталады. Батыс конференциясында ЦСКА мен СКА арасындағы серия әлі жалғасын тауып жатыр. Егер финалға СКА өтсе, онда финалдық серия Санкт-Петербургте басталады. Ал ЦСКА қатарынан төртінші рет финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алса, алғашқы екі ойын Қазанда өтеді. 

Зинатуэла Билялетдинов шәкірттері омбылық "Авангардты" серияда 4:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан. Ал әлі жалғасып жатқан СКА - ЦСКА сериясында мәскеулік клуб алды - 3:2.