Бибісара Асаубаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды

Бибісара Асаубаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды
Басқа

Блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы, қазақ қызы Бибісара Асаубаеваға әлеуметтік желіде күйеуге шығуға ұсыныс жасайтындар көп екен, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

 “Саған екі жылдан бері ғашықпын”, “Маған тұрмысқа шық!”, “Менің жарым боласың ба?, - деп жазатындар көп екен.

Бибісара екі сағаттың ішінде ғашық екендерін мойындап, біраз ұсыныстар түскенін жазды. 

Айта кетейік, жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Гран-при жарысында 19 жастағы шахматшы ресейлік Александра Горячкина мен қытайлық Жу Цзиньермен бірге үздік үштікке енді. Қосымша көрсеткіштер бойынша Ассаубаева Горячкинаға ұтылып, екінші орынды иеленді.