Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
Бокс

ҰОК

Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты 2026 аясында Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Ташкенбай ширек финалда өнер көрсетті.

50 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы үндістандық Вишванат Сурешпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша қарсылас төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Үшінші раундта Суреш қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберді.

Осылайша, Вишванат Суреш жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті, ал Санжар Ташкенбай жарысты медальсыз аяқтады.

Айта кетейік, аталған құрлық біріншілігі World Boxing ұйымының қолдауымен өтуде. Қазақстан бұл турнирге 20 боксшы (ерлер және әйелдер құрамаларынан он-оннан) алып келген. Жарыс 10 сәуірге дейін жалғасады.