Дицтің пасы ЦСКА-ға есепте алға шығуға жәрдемдесті
Хоккей
Гагарин Кубогы жартылай финалында ЦСКА мен СКА арасындағы серияның үшінші матчында мәскеулік клуб жеңіске жетіп, серияда көш бастады. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы нәтижелі паспен көзге түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
ЦСКА (Мәскеу) - СКА (Санкт-Петербург) - 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)
1:0 - 23:58 - Окулов (Дыбленко, Нестеров)
2:0 - 39:39 - Каменев (Григоренко, Слепышев) СБШ
3:0 - 54:29 - Соркин (Диц) СБШ
4:0 - 59:46 - Классон БҚ
Қақпашылар: Рейдеборн - Николаев
Сериядағы есеп: СКА - ЦСКА - 1:2 (2:3 ОТ, 2:1, 0:4)