Еуропа лигасында ең көп табыс тапқан клуб анықталды

Еуропа лигасында ең көп табыс тапқан клуб анықталды

Франкфурт-на-Майненің «Айнтрахт» клубы 2021/22 маусымда төлемдер бойынша Еуропа лигасында көшбасшы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Неміс клубы 38 миллион еуро (41,6 миллион доллар) табыс тапты. Турнирдің финалында «Айнтрахт» «Рейнджерсті» жеңді (1:1, пенальтиден – 5:4). Шотландия клубы УЕФА-дан 20,7 миллион еуро (22,7 миллион доллар) алды.

«Айнтрахт» осымен екінші рет Еуропа лигасының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін 1980 жылы УЕФА кубогының финалында «Боруссиядан» басым түскен болатын.

Фото: football-fun-live.com