Гагарин Кубогы: Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы төбелес ұйымдастырды
Хоккей
ҚХЛ Гагарин Кубогы жартылай финалының екінші матчы біткеннен кейін ЦСКА мен СКА ойыншылары жаппай төбелесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әсіресе, бұл төбелесте Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц пен СКА ойыншысы Дмитрий Яшкин ерекше көзге түсті.
Еске салайық, серияның екінші ойынында СКА мәскеулік клубты 2:1 есебімен жеңген болатын.