Жүзуден Қазақстан чемпионатында бес рекорд орнатылды
Талдықорғанда жүзуден Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Біріншілікке еліміздің 16 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша 44 054 ұпай жинаған Алматы командасы көш бастаса, екінші орын 37 014 ұпайы бар Ақтөбе облысына бұйырды, ал үздік үштікті Шымкент қаласының командасы түйіндеді – 31 454 ұпай. Ф
Федерация мәліметінше, ҚР чемпионатында жүзуден Қазақстанның бес рекорды орнатылды:
– Мусин Әділбек – 100 м баттерфляй әдісімен жүзу, нәтижесі – 00:52,16;
– Мусин Әділбек – 50 м баттерфляй әдісімен жүзу, нәтижесі – 00:23,42;
– Сподаренко Софья – 50 м баттерфляй әдісімен жүзу, нәтижесі – 00:26,10;
– Игнатова Ксения – 200 м шалқалап жүзу, нәтижесі – 02:14,17;
– Тасжанова Диана – 1500 м еркін жүзу, нәтижесі – 17:23,37.
Турнир Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионатына іріктеу саналады. Осылайша, Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша әлем чемпионатына алты спортшы өтті: Мусин Әділбек, Сподаренко Софья, Пчелинцева Аделаида, Игнатова Ксения, Тасжанова Диана және Сказобцов Максим.