Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ жұлдызды ойыншысымен төбелесіп қалды
Хоккей
Гагарин кубогы жартылай финалының екінші матчының екінші кезеңінде "Авангард" қорғаушысы Виктор Сведберг пен "Ақ Барс" капитаны Александр Радулов төбелесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Алдымен Радулов ойын таяғымен Федор Малыхинді белінен ұрады, ал Виктор Сведберг әріптесін қорғау үшін әрекет жасайды. Осы төбелес үшін Радулов та, Сведберг те екі минуттық айып уақытын алды,
"Ақ Барс" пен "Авангард" арасындағы екінші кездесу 3:2 есебімен омбылық клубтың пайдасына шешілді.