Даррен Диц ҚХЛ-дағы екі жүзінші ұпайын еншіледі

Даррен Диц ҚХЛ-дағы екі жүзінші ұпайын еншіледі
Хоккей

ҚХЛ плей-офф кезеңі Батыс конференциясы финалының алғашқы матчында ЦСКА Санкт-Петербургтің СКА-сын үшінші овертаймда 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен мәскеулік клуб қорғаушысы Даррен Диц осы матчта екі нәтижелі паспен көзге түсті. Осылайша, Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы екі жүзінші ұпайын еншіледі. 

Хоккейші Лигада 356 кездесу өткізіп, 201 (76+125) ұпай олжалаған.