Әлемнің бірінші ракеткасы Астанаға келмейтін болды

Әлемнің бірінші ракеткасы Астанаға келмейтін болды
Теннис

14-15 сәуір күндері Астанада Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу сыны өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңнің жолдамасын Польша командасымен сарапқа салады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Елордада өтетін жарысқа қатысатын Польша құрамасы белгілі болды. Десе де, оның ішінде тек Польша командасының емес, әлем теннисінің үздігі Ига Швентек жоқ. Өйткені, ол жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайтынын, біраз уақыт үзіліс алатынын айтты. 

"Бұл шешімді қабылдау оңайға түскен жоқ, бірақ денсаулық бәрінен маңыздырақ. Дохадағы турнир кезінде ауыр инфекциямен күресекнімді білесіздер. Одан кейін ойнауға рұқсат берді, бірақ қатты жөтел қабырғаларымнан жарақат алуға әкеліп соқты. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін жайсыздық пен ауырсынуды сеземін. Дәрігерім диагноз қойып, емдеу жоспарын жасады. Тоық қалпыма келу үшін үзіліс алуға мәжбүрмін", - деп жазды теннисші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ал Астанадағы іріктеу кезеңінде бақ сынайтын Польша құрамасы келесідей: Магда Линетт, Магдалена Фрехт, Алиция Росольская, Вероника Фальковская.