Конференция лигасы: «Астана» өз алаңында «Динамо Ситиден» жеңіліп, турнирден шығып қалды
Футбол
sports.kz
Елордалық «Астана» Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Албаниядағы бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен Григорий Бабаян шәкірттері өз алаңында «Динамо Сити» клубына есе жіберді.
Матчтың 23-минутында Бауыржан Исламхан пенальтиді сәтті орындап, алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда екінші таймның басында (49-минут) Кипрас Кажуколовас қызыл қағаз алып, «Астана» алаңда он ойыншымен қалды. Азшылықта қалған отандық ұжым екінші таймда екі гол өткізіп (Бруно Дита 50 п, Хекуран Бериша 62), ойынды қосымша уақытқа ұластырды. Овертаймда албаниялықтар тағы екі мәрте (Лоренцо Виля 93, Мустафа Кома 120+4) мергендік танытып, қорытынды есепті 1:4-ке жеткізді.