Елена Рыбакина WTA live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Елена Рыбакина WTA live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді
Теннис

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open – 2026) старттық кезеңінде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде Рыбакинаның активінде 7 911 ұпай бар. Ал, осыған дейін көш бастап келген беларусьтік Арина Соболенко 6 585 ұпаймен екінші сатыға сырғыды.

Айта кетейік, турнир алдындағы ресми рейтингіде Соболенко 8 575 ұпаймен көш бастап, Рыбакина 8 141 ұпаймен екінші орында тұрған еді. АҚШ біріншілігі басталар алдында теннисшілердің 2025 жылғы турнирде жинаған ұпайлары шегерілді. Жарыстың өткен жылғы чемпионы Соболенко бірден 2 000 ұпайынан айырылса, Рыбакинаның жоғалтқан ұпайы едәуір аз болды. Осының арқасында отандасымыз турнир аяқталмай жатып-ақ live-кестеде алға шықты.