Еуропа лигасы: «Андерлехттен» жеңілген «Қайрат» Конференциялар лигасында бақ сынайды
Футбол
«Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясындағы қарымта матчта Бельгияның «Андерлехтінен» тағы да жеңіліп, жарысты Конференциялар лигасының жалпы (негізгі) кезеңінде жалғастыратын болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қос кездесудің қорытындысы бойынша бельгиялық ұжымға жол берген алматылық команда Еуропа лигасының негізгі сатысынан тыс қалды. Дегенмен, турнир ережесіне сай, «Қайрат» еурокубок маусымымен қоштаспайды. Енді олар күзде Конференциялар лигасының жаңа форматындағы ортақ кестеде бақ сынайды.
Айта кетейік, 28 тамыз күні сағат 21:00-де өтетін жеребе тарту рәсімінде алматылық клуб аталған турнирдегі қарсыластарын біледі.