Екінші боксшымыз әлем чемпионатынан шығып қалды

Екінші боксшымыз әлем чемпионатынан шығып қалды
Бокс

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жазира Орақбаева жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Ол 52 келіге дейінгі салмақта үздік боксшының бірі үндістандық Сакши Сакшиден ұтылып қалды. Жазира үшін кездесу қиын өтті. Жанкүйерлер өз отандасына қызу қолдау көрсетті. Сакши де Жазираны сəт сайын шабуылдап, тықсырып, еш мүмкіндік берген жоқ. 

Осымен Делидегі екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін 50 келідегі Назым Қызайбай алғашқы бәсекесінде есе жіберген.