Елена Рыбакина тарихи нәтижеге қол жеткізді

Теннис
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 жарысының жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Елена Рыбакина америкалық Линдсей Девенспорттың жетістігін қайталады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші бір маусымда Australian Open және BNP Paribas Open турнирлерінде WTA рейтингі көшбасшысын жеңген тарихтағы екінші теннисші атанды.
Мельбурнда өткен жарыста 23 жастағы спортшы Ига Швентекті 1/8 финалда 6:4, 6:4 есебімен жеңген. Ал Индиан-Уэллсте қарсыласын 6:2, 6:2 тізе бүктірді.
Ал америкалық спортшы Девенспорт 2000 жылы дәл осы екі турнирде Мартина Хингисті жеңген (6:1, 7:5 - АО финалы, 4:6, 6:4, 6:0 - Индиан-Уэллс шешуші ойыны).