Месси келер айда “Әл-Хилальмен” келіссөз жүргізеді

Сәуір айының басында “ПСЖ” шабуылшысы Лионель Месси “Әл-Хилаль” басшылығымен кездесіп, келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Руди Галетти өзінің Twitter парақшасында жазды.
Дереккөздің мәліметінше, кездесудің басты мақсаты - аргентиналық шабуылшының арабиялық клуб сапын толықтыруына қатысты келіссөздерді бастау.
Бұған дейін Мессидің “Барселонаға” қайта оралғысы келетіні туралы ақпарат тараған.
Ал аргентиналық футболшының “ПСЖ-мен”
жасасқан келісімшарты биылғы жиылдың жазында аяқталады.
🚨🗣️ At the beginning of April there will be a new meeting in Paris between #Messi, his entourage and the management of #AlHilal.
— Rudy Galetti (@RudyGaletti) March 18, 2023
📈 The aim of the 🇸🇦 club is to give a boost to the talks, making important steps forward in the negotiation. 🐓⚽ #Transfers #PSG pic.twitter.com/fgjuYGJz59