Пента-трик жасаған Холланд үздік ойыншы атанды

Пента-трик жасаған Холланд үздік ойыншы атанды
Футбол

«Манчестер Сити» клубының норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды bassport.kz.

Ол 1/8 финалдың қарымта ойынында «Лейпциг» қақпасына пента-трик (5 гол) жасады. УЕФА-ның ресми сайтындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Эрлинг Карима Бензема («Реал»), Виктора Осимхена («Наполи») және Хакана Чалханоглу («Интер») секілді ойыншыларды озды.

Еуропа лигасында «Спортинг» қақпашысы Антонио Адан танылды. Ол «Арсеналмен» кездесуде сегіз соққыны қайтарған. Сосын пенальти сериясында «Спортинг» 5:3 есебімен жеңіп, келесі кеңзеге өтті.

Конференция лигасында «Ыстанбұл Башакшехир» қақпасына жылдам хет-трик жасаған «Гент» шабуылшысы Гифт Орбан үздік ойыншы атанды.