Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға көтерілді
Бокс

Қазақстандық боксшы Геннайди Головкин Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы рейтингісінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Геннадий Головкин WBA және IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы титулдарынан бас тартқаннан кейін, WBC осындай шешім шығарды.

Бұған дейін WBC рейтингінде мексикалық Хайме Мунгия көш бастап тұрған. 

Ал WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло екенін айта кетейік.