“Барыстың” экс-шабуылшысы ҚХЛ плей-оффындағы ең жылдам шайбаны соқты

“Барыстың” экс-шабуылшысы ҚХЛ плей-оффындағы ең жылдам шайбаны соқты
Хоккей

Гагарин Кубогы 1/8 финалының алтыншы матчында магнитогорскілік "Металлург" өз айдынында "Автомобилистті" қабылдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Кездесудің 16-секундында магнитогорскілік команданың шабуылшысы Павел Акользин нәтижелі соққысымен көзге түсті. 

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы ҚХЛ плей-офф кезеңдері тарихындағы бесінші жылдам шайбаны соқты. Ал бұл көрсеткіштегі үздік нәтиже Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Константин Пушкаревке тиесілі. 2017 жылғы Гагарин Кубогы үшін таласта форвард кездесудің 11-секундында-ақ есеп ашып үлгерген.

00:11 - Константин Пушкарёв (Барыс) - 2017 жылы

00:14 - Данис Зарипов (Ақ Барс) - 2009 жылы

00:14 - Дмитрий Воронков (Ақ Барс) - 2023 жылы

00:15 - Дмитрий Моня (Сібір) - 2014 жылы

00:16 - Павел Акользин (Металлург) - 2023 жылы